«АлмаДК» ЖШС әскери және арнайы мақсаттағы өнімдерін экспортқа шығаруда

«АлмаДК» ЖШС әскери және арнайы мақсаттағы өнімдерін экспортқа шығаруда

«АлмаДК» ЖШС – еліміздің күш құрылымдары үшін әскери және арнайы мақсаттағы өнімдер әзірлеп, өндіретін кәсіпорын. Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне кіретін ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген отандық өндіруші. Компанияда әскери және арнайы өнімдерді өндіру саласында тәжірибесі мен білімі бар мамандар жұмыс істейді. Қазіргі уақытта жаңғыртылған және инновациялық өнімдер өндіру үшін технологиялық желі түрлерін кеңейтетін дамыған өндірістік-техникалық, конструкторлық және ғылыми-өндірістік базасы бар. «АлмаДК» ЖШС өндірістік-техникалық базаларында өндірістік-техникалық, қойма және зертханалық бөлмелері жұмыс істейді.

Кәсіпорында ИМ-82, ИМ-100, ИМ-120, ШИРАС патрондары, түтін тану шашкалары, түтін гранаталары, шулы, жарық-шу, көзден жас ағызатын, бұрыш және т.б. гранаталар, түрлі сигналдық патрондар, жарғыш пакеттер сияқты өзге де арнайы және әскери мақсаттағы өнімдер шығарылады.  

«АлмаДК» ЖШС өз өнімдерін Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Украина, Армения, БАӘ, Түркия, Беларусь, Малайзия, Словакия, Ресей, Франция, Ұлыбритания және Вьетнамда өткен халықаралық көрмелерге қойды. Сондай-ақ, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Бангладеш, Таиланд, Қырғызстан, Ресей және Польшаға өнімдерін экспорттау туралы келісімшарттар жасасты. Соңғы 5 жыл ішінде «АлмаДК» 3,3 миллиард теңгеден астам сомаға өнімдерін экспортқа шығарды. 

Қазіргі заманғы оқ-дәрілер, пиротехникалық құралдар, бүркемелеу және сигналдық құрылғылар технологиясын игеріп, өзінің өндіріс бағдарламасын іске асыру үшін «АлмаДК» ЖШС ғылыми-зерттеу жұмыстарын заманауи ғылыми және техникалық деңгейде, оның ішінде ғылым мен техниканың тиісті бағытындағы басқа да ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарды тарта отырып өткізеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі және басқа да бейінді ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп атқаратын жұмыстары Ғылым комитеті талаптарына сәйкес ғылыми әзірлемелер, бейіні бойынша диссертациялық кеңестер, ғылыми-техникалық мектептер және мамандарды оқытуда өз мүмкіндіктерін пайдалану перспективасына ие болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен «Алма ДК» ЖШС базасында кафедра филиалын ашу жөнінде келісімшарт жасалды.

«АлмаДК» ЖШС дамыған өндірістік-технологиялық, конструкторлық және ғылыми-өндірістік базасымен арнайы, әскери мақсаттағы және өзге де өнімдер мен бұйымдарды өндіру, игеру және әзірлеудің күрделі мәселелерін шеше алады.