
Бүгін сағат 15:31-де "Тараз Жаңа Әлем" авиакомпаниясының АН-2 әуе кемесі өртенді. Әуе кемесі Семей - Үржар бағыты бойынша TJA5221 рейсін орындады.
Ұшақ 15: 25-те қонды. Өрт болған кезде әуе кемесінің бортында адамдар болған жоқ. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Аталған факті бойынша ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының тергеуі басталды.