«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-ның тарихы бай. Зауыт 1928 жылы Мәскеуде құрылып, 1941 жылы зауытты Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына көшіру туралы шешім қабылданды.
«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ 2003 жылы «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының қарамағына өтті. Кәсіпорын арнайы мақсаттағы өнімдерді, электр техникалық өнімдерді, байланыс құралдарын, теміржол және мұнай-газ салаларына арналған қауіпсіздік және автоматика жүйелерін өндіруге маманданған. Сондай-ақ, сервистік қызмет көрсету, монтаждау, іске қосу-реттеу жұмыстарын, барлық өндірілетін өнімге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді орындайды.
Қазіргі уақытта кәсіпорын өз саласының флагманы саналады. Өнімді сатудан түскен табыс тұрақты түрде артып келеді.
Сонымен қатар, зауыт локомотивтік қауіпсіздік құралдарына қызмет көрсету және рельсті қосқыштарды жеткізу бойынша бірқатар ұзақ мерзімді келісімшарттарды орындаушы. Қазіргі уақытта бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр, атап айтқанда:
Бұдан басқа, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ радиоэлектрондық өнімге арналған көп қабатты баспа платаларын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыруда. Осыған байланысты 2019 жылғы қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы зауытқа барып, кәсіпорынды жаңғырту жұмыстарын жоғары бағалады.