
20 желтоқсан күні жер қойнауының 53 учаскесі бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлау құқығына электрондық аукцион өтеді. Аукционға 52 компания қатысады.
Аукцион Бірдей басымдығы бар өтініш берушілер арасында аукцион өткізу қағидаларына сәйкес өтеді (ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 316 бұйрығымен бекітілген)
Аукцион «E-Qazyna.kz» цифрлық платформасында а. ж. 20 желтоқсанда сағат 10:00 - ден 17:00-ге (АСТ) дейін өтеді.