Вице-министр Иран Шархан азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Вице-министр Иран Шархан азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

ҚР Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында өткізілген кездесуде Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан әр қаладан келген азаматтардың жеке мәселелеріне байланысты сұрақтарына жауап беріп, оларды шешудің жолдарын түсіндірді.

Аталған кездесуде  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің ережелерін, қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алу процедураларын және жер қойнауын пайдалану саласындағы басқа да мәселелер көтерілді. Қабылдауға жазылған азаматтардың дені Астана, Алматы және Көкшетау қалаларының тұрғындары. 

Кездесу барысында өтініштер бірлесіп қаралып, қолданыстағы заңнама аясында әрқайсысына түсініктеме берілді. Сонымен қатар, азаматтардың мәселелерін шешуде көмек көрсету мақсатында ҚР ӨҚМ  Жер қойнауын пайдалану департаментінің орынбасары Асқар Қалиев жауапты қызметкерлерге бірқатар тапсырма берді.

Айта кету керек, бүгін айтылған өтініштерден бөлек бірқатар ұсыныстарда болды. Солардың ішінен Батырхан Абдрашевтың идеясы ерекше болды. «Huawei Kazakhstan» компаниясы арқылы саланың дамуына елеулі үлес қосуға көмектесетін жаңа технологиялық әзірлемелер дайындауды ұсынды.

Қорытындылай келе Иран Шархан қабылдауға келген азаматтардың толғандырған мәселелерін тыңдап, барлық сұраққа қолданыстағы заң аясында тұшымды жауап берді.