«Мемқалақұрылыскадастры» РМК жылдың үздік жобасы атанды

«Мемқалақұрылыскадастры» РМК жылдың үздік жобасы атанды

Бүгін «Алтын сапа» сыйлығы аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ге «Qazaqstan Project Management Awards – 2023» IV ұлттық байқауының финалында квазимемлекеттік сектордың «Жылдың үздік жобасы» номинациясы бойынша алған марапаты табысталды. Осы марапатқа «Мемқалақұрылыскадастры» РМК екінші жыл қатарынан ие болды.

Кәсіпорын Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде тұрғын үйді іске қосудың дұрыстығын анықтау үшін қысқа мерзімде тамаша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жобалық менеджменттің инновациялық технологияларын сәтті қолданды.

Конкурстың негізгі мақсаты өз жұмысында жобалық менеджменттің құралдары мен әдістерін енгізетін және қолданатын мемлекеттік органдарды, ұйымдарды қолдау, мемлекеттік қызметкерлер арасында көшбасшылық пен жаңа құзыреттерді дамытуға ынталандыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушылардық қатарында: мемлекеттік органдар, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, квазимемлекеттік сектор және жоғары оқу орындарының өкілдері.