
2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынасын қайта бастау жөнінде шешім қабылданды.
Халықтың сұранысына және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар пойыздары 2020 жылы 1 маусымнан жүре бастайды.
Бастапқы кезде 54 пойыз жүреді, оның ішінде:
Екінші кезеңде 10 маусымнан бастап 39 пойызды жүргізу жоспарланып отыр, оның ішінде:
Үшінші кезеңде аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай, сонымен бірге көрші елдермен келіскеннен кейін 15 пойызды жүргізу жоспарланып отыр, оның ішінде:
Қазіргі кезде жолаушылар билеттері сатылып жатыр (ағымдағы жылы 15 мамырдан бастап). Барлық инфраструктуралық объектілер санитарлық талаптарға сәйкес тасымалдар жасауға және құрамдар сапарға шығуға дайын.
Жолаушылардың және пойыздардың бригада қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тасымалдар Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес атқарылады.