
2020 жылғы 25 мамырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда Атырау облысының әкімі М.Д.Досмұхамбетовтың бастамасымен Атыраудан еліміздің өзге қалаларына әуе рейстерін қайта жандандыру мәселесі қаралды.
Отырыс қорытындысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия шешімімен ағымдағы жылғы 25 мамырдан Атыраудан еліміздің барлық қалаларына әуе рейстерін қайта ашу туралы шешім қабылданды.
Бастапқы кезеңде рейстер келесі кесте бойынша орындалады:
- «Air Astana»✈️
- «SCAT»✈️
- «Qazaq Air»✈️
- «Fly Arystan»✈️
Әуе компаниялары рейстер кестесіне өзгерістер енгізуі мүмкін.
Рейстер әуе компанияларының ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Ұшулар Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігер бекіткен жоғары санитарлық қауіпсіздіктің шараларына сәйкес орындалады:
- жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);
- термометрия, әуе кемесі бортына отырғанға дейін әлеуметтік қашықтықты ұстану;
- әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы.
Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныс артатынын ескере отырып, қалалар арасындағы рейстер санын әуе компаниялары сұраныс пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын ескере отырып белгілейді.
