ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі ӨСАБ халықаралық хатшылығымен кездесу өткізді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі  ӨСАБ халықаралық хатшылығымен кездесу өткізді

Бүгін ӨСАБ халықаралық хатшылығы ұйымдастырған валидация алдындағы кездесу өтті. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шарханның төрағалығымен өткен Ұлттық кеңестің өкілдері алдын ала кездесуде Қазақстанның алдыңғы валидациясының қорытындыларын, алдағы валидацияның негізгі мәселелерін, сондай-ақ түзету іс-әрекеттерін іске асырудың өзектілігін талқылады.

 

ӨСАБ-ты іске асыруды үйлестіру үшін (өндіруші салалардың ашықтық бастамасы) елде ӨСАБ-ты іске асыру жөніндегі мүдделі Тараптардың ұлттық кеңесі жұмыс істейді.

 

ӨСАБ барлық енгізуші елдерді бірыңғай әлемдік стандартты ұстануға міндеттейді. Валидация-ӨСАБ қабылдаған сапаны қамтамасыз ету тетігі, енгізуші елдердің ӨСАБ стандартының ережелеріне сәйкестігін бағалауды білдіреді. Қазақстанның келесі валидациясы 2024 жылғы 1 сәуірде өтеді.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс

министрлігінің баспасөз қызметі