
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ сынақ базасының эксперименттік стендінде Қазақстан Республикасының аумағында жаңа объектілердің құрылысында пайдалану жоспарланып отырған гипс қалқаларына сынақ жүргізілді.
Қолданыстағы нормалардың талаптарына сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың жаңа құрылымдық жүйелері, сондай-ақ жаңа материалдар мен конструкциялар құрылыста қолданылғанға дейін тиісті эксперименттік тексеруден өтуі керек.
«Alina group» фирмасы шығаратын гипстен жасалған бөлмеаралық материалдардың жер сілкінісіне төзімділігін бағалау бойынша эксперименттік зерттеулер екі қабатты арнайы стендте жүргізілді. Стендтің тербелісі оның төбесіне орнатылған В-2 типті діріл машинасымен қозғалды.
«Бұл біздің компания іске қосқан жаңа өнім. Тұрғын үй құрылысында, басқа да тұрғын үй-жайларда пайдалануға болады. Бұған дейін шудан оқшаулау жұмыстарын жүргіздік, қазір жер сілкінісіне төзімділігін сынақтан өткізудеміз. Бұл жобаны жобалық ұйымдармен пысықтап, күшейту, тіреу, арматуралық торлар, бұрыштар, күшейтетін профильдер бойынша шаралар қабылданды», - деп атап өтті компанияның техникалық қызметінің бастығы Тахир Қансейітов.
Айта кетейік, қарқындылығы 7 және одан да көп балдық жер сілкінісі кезінде тұтқыр гипстен жасалған арақабырғаға салмақ түскен уақыттағы беріктігі мен өзгеріске ұшырау ықпалдылығына жүргізілген эксперименттік сынақ нәтижесі мен талдау қорытындысы зерттеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.