
Вице-министр Тимур Қарағойшиннің қабылдауына Астана қаласының , сондай-ақ Павлодар, Абай, Ақмола облыстарының тұрғындары жазылды. Олардың өтініштері жалға берілетін тұрғын үй беру, көппәтерлі тұрғын үй құрылысының сапасы, кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу мәселелеріне қатысты болды.
Азаматтардың бірі сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінді. Вице-министр ағымдағы жылы 10 878 пәтерді (сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй) сатып алуға 105,2 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінгенін түсіндірді. Оның ішінде Астана қаласы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1600 пәтер сатып алу жоспарлануда.
Сондай-ақ, Отбасы Банкінің "5-10-20" және "2-10-20" бағдарламаларына 2023 жылы РБ-дан 71,9 млрд теңге бөлінді. Бұл 6 786 пәтер. Оның ішінде Астана қаласы бойынша "5-10-20" бағдарламасы бойынша - 13 пәтер, "2-10-20" бағдарламасы бойынша - 154 пәтер.
Сонымен қатар, қарызды мақұлдау кезінде ЖАО бастапқы жарна үшін ұсынатын тұрғын үй сертификатын пайдалану ұсынылады. Алушылардың мөлшері мен тізбесін жергілікті мәслихат белгілейді.
Өтініш білдіргендердің барлығына құқық қолдану практикасы мен мемлекеттік қолдау шараларын алу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Вице-министр тұрғындардың мәселелерін тыңдап, шешім процесін жеке бақылауға алып, тиісті бөлімдерге тапсырмалар берді
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің
баспасөз қызметі