
"Химпарк Тараз" АЭА жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR) шеңберінде "JVictor New Energy" ЖШС-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сондай – ақ, "TB ALLOYS Kazakh LIMITED" жеке компаниясымен жылына өнімділігі-120 мың тонна ферросилиций, ауданы 50 Га және 400 жұмыс орнын құру туралы бейінді емес қызмет түрін жүзеге асыру туралы шартқа қол қойылды. Жобаның құны 50 миллион АҚШ долларын құрайды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А. Смайыловтың қатысуымен өтті, сондай-ақ қаржы секторының өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты.
KGIR-2023 күн тәртібінде мынадай тақырыптар қаралды: қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге жауап ретінде инновациялық технологияларды пайдалану жөніндегі жаһандық бастамалар, Қазақстанның ел өңірлері бөлінісіндегі инвестициялық мүмкіндіктері, көліктік әлеует және логистикалық қызметтердің жаңа спектрі, тұрақты өндіріс және экспорттық әлеуетті кеңейту.