
Ағымдағы жылдың 17 қарашасы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу және азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауын өткізді.
Вице-министрмен кездесуде жылу желілерін жөндеу, ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мәселелері, Солтүстік Қазақстан облысындағы қалаларын кешенді дизайн-жобасын әзірлеу, техникалық ерекшеліктері, дизайн-кодты жобалау кезінде лицензиялау, жобалау-іздестіру жұмыстарын регламенттеу және т.б. мәселелер көтерілді.
Сондай-ақ , Петропавл қаласының тұрғыны Ирина Фролова қалалық жылу желілерінің жоғары тозуы туралы алаңдаушылық білдіріп, оларды жөндеуде министрліктен көмек сұрады. Вице-министрдің айтуынша, ағымдағы жылы Петропавлда жылу желілерін салуға республикалық бюджеттен 2,5 млрд.теңге бөлінді. Жоба жоспардың 76% -. орындалды (2,4 км-ден 1,8 км). 2024 жылға министрлік Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 4,2 млрд.теңгеге (3,8 км) жылу желілерінің құрылысын аяқтауға өтінімін қолдады. Жылу желілерін жаңғыртуға бюджеттік өтінім беру кезінде Министрлік оны белгіленген тәртіппен қарауға дайын.
Айыртау ауданы, Төменгі Бұрлық ауылының тұрғыны 700-ден астам тұрғынға орталықтандырылған судың қашан берілетінін сұрады. А.Бейісбеков әкімдік биылғы жылы құны 2,2 млрд теңге болатын су құбыры құрылысының жобасын әзірлегенін хабарлады. Жобаны бастау үшін бұған дейін 2024 жылға арналған республикалық бюджеттен 200 миллион теңге бөлінген болатын. Мердігер ұйымдарын таңдағанда және құрылыс жұмыстары мерзімінен бұрын жүргізілсе, қосымша қаржыландыру қарастырылады.
Өңір кәсіпорындарының басшылары өнеркәсіптік құрастыру, инвестициялық келісімшарттар, қарыз алу, «Qyzyljar» АЭА инженерлік инфрақұрылымын жүргізу және Солтүстік Қазақстан облысын газдандыру жөніндегі сұрақтар қойды. Барлық қойылған сұрақтарға жауап беріліп, бақылауға алынды.