КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ

КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ

ҚР Үкіметі жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығында түсіндіру кездесуі аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселелері бойынша мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде Отбасы банкАҚ арқылы 2% -5% - дан жеңілдетілген қарыздар беру туралы айтты.

Вице-министр құрылысты қаржыландыру және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың және бірыңғай әлеуметтік мақсаттағы тұрғын үй операторының республикалық бюджет есебінен сатып алуы және Отбасы банкі АҚ арқылы кезекте тұрғандарға тұрғын үйді өткізу қағидаларының жобасына сәйкес 2% - дан жеңілдетілген қарыздар тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңында айқындалған тұлғалардың 4 санатына берілетін болады. Бұл 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасылар, көп балалы отбасылар, жетім балалар.
    Бұл ретте, осы санаттағы адамдардың соңғы 6 (алты) айдағы Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен жиынтық отбасылық табысы болуға тиіс.  
    1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасылар санаттарына тұрғын үйді бөлу кезінде олардың төменгі қабаттардағы тілектерін ескере отырып, басқа санаттағы қатысушылар алдында басымдық белгіленетін болады. 
     Жеңілдікті қарыздардың көзделген саны адамдардың 4 санаты (1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасылар, көп балалы отбасылар, жетім балалар) арасында барабар бөлінетін болады.