
ҚР Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында өткізілген кездесуде жер қойнауын пайдалануға лицензия алу жөніндегі және тағы да басқа мәселелер қаралды.
Кездесу барысында ведомство басшысының орынбасары «Minerals.gov.kz» порталыныңартықшылықтары мен тиімділіктерін түсіндіріп, ҚПҚ өндіруге лицензия алу үшін құжаттарды қабылдау тек электрондық форматта жүзеге асырылатының қолжетімді екенін жеткізді
Жиын барысында көтерілген әрбір сауалға және барлық өтініш берушіге қолданыстағы заң аясында жауап берілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша вице-министр Иран Шархан әрбір өтініш бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелерді өзінің жеке бақылауына алатынын айтты.