
Құрметті Серіктес,
Сізге ArcelorMittal Temirtau (AMT) компаниясының Костенко көмір шахтасында сенбі күні, 2023 жылғы 28 қазанның таңында орын алған апатта 46 ержүрек кеншінің қаза тапқанын зор өкінішпен хабарлаймыз. Қаза тапқан кеншілердің отбасыларын қолдау үшін барлық күш-жігер жұмсалуда және оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.
Сондай-ақ, Сіздер Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ArcelorMittal компаниясының ArcelorMittal Temirtau меншігін Қазақстан Республикасы Үкіметіне беру жөніндегі хабарламалары туралы хабардар болуыңыз мүмкін. Бұл келіссөздер бірнеше ай бойы жүргізілді және АМТ-ның, сондай-ақ оның еншілес кәсіпорындарының болат және тау-кен операциялары қызметінің болашағына қатысты жақында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ArcelorMittal алдын ала келісімге келді.
ArcelorMittal Temirtau ішкі және аймақтық нарықтағы ең маңызды болат жеткізушілердің бірі болып табылады. Осы жылдар ішінде компания барлық таңдалған нарықтарда өзін болат тұтынушылары үшін стратегиялық серіктес ретінде көрсете білді. Сондықтан АМТ қызметінің тиімді әрі жоспарлы түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және барлық мүдделі тараптарға қолайсыздықтар туғызбау үшін барлық күш-жігер жұмсалады.
Біз барлық мүдделі тараптарды, әсіресе AMT клиенттерін, мердігерлерін, жеткізушілеріне:
AMT өз клиенттері үшін сенімді серіктес болып табылады және де болашақта соған тырысады.
Қолдауларыңыз үшін рахмет.
Құрметпен,
Бірлесіп қол қойылды:
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
ArcelorMittal Теміртау