Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізеді

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізеді

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауды іске асыру шеңберінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осыған орай, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы мен реттеуші саясаттың консультативтік құжатын әзірледі.

Көрсетілген құжаттардың толық мәтінімен «Ашық НҚА» порталында және Министрліктің ресми сайтында танысуға болады.

НҚА жобасы: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/documents/details/544072?lang=kk