ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Республика күнін атап өтті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Республика күнін атап өтті

Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынды ашқан Министр Қанат Шарлапаев өз сөзінде осы мемлекеттік мерекенің маңыздылығын атап өтті.

«Республика күні – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Өздеріңіз білесіздер, 33 жыл бұрын, 1990 жылы дәл осы күнде еліміз үшін маңызды құжат - «Егемендік туралы» декларация қабылданды. Сондықтан әрбір қазақстандық үшін бұл күннің орны ерекше» - деп атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы.

Министр сондай-ақ сала ардагерлері мен ерекше көзге түскен қызметкерлерге Министрліктің стратегиялық міндеттерін табысты орындауға және тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуге қосқан үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградаларды салтанатты түрде табыс етті.

Салтанатты рәсім геология, өнеркәсіп және құрылыс салаларының дамуына, осылайша Қазақстанның экономикалық өсуі мен орнықты дамуына  елеулі үлес қосқан азаматтарға ризашылық білдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан  тағайындалған азаматтардың анттарын салтанатты түрде қабылдау рәсімі де өтті.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі