Ақтөбе әуежайы былтыр 462 мың жолаушыға қызмет көрсетті

Ақтөбе әуежайы былтыр 462 мың жолаушыға қызмет көрсетті

Ақтөбе халықаралық әуежайы - Батыс Қазақстанның әуе қақпасы. Әуежай аумақтық және географиялық жағынан Батыс Еуропаны Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиямен байланыстыратын ірі халықаралық аэронавигациялық трассалардың қиылысында орналасқан.

2019 жылы әуежайда 462,7 мың жолаушыға қызмет көрсетілді.

Әуежай коммуналдық меншікте. Қызметкерлерінің саны - 468 адам.

Әуежай ел ішінде, сондай-ақ таяу және алыс шетелдерді байланыстыратын рейстерді орындайтын әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдап, оларға қызмет көрсетеді.

Төтенше жағдай енгізілгенге дейін Ақтөбе қаласы әуежайынан 4 ішкі бағыт бойынша және 1 халықаралық бағыт бойынша аптасына 50 тұрақты рейс орындалды.