«Smart Bridge» платформасы шенберінде ҚР ИИДМ атқарылып жатқан жұмыстар туралы

«Smart Bridge» платформасы шенберінде ҚР ИИДМ атқарылып жатқан жұмыстар туралы

2020 жылғы 13 мамырда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі ҚР Президенті жанындағы комиссия отырысына қатысты. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен жиында «Smart Bridge» жобасын іске асыру, жергілікті атқарушы органдар мен жер қатынастары саласын цифрландыру барысы қаралды.

Отырыста ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіп министрі А.Қ. Жұмағалиев баяндама жасап, биыл 10 ақпанында Smart Bridge жобасын пилоттық режимде іске қосу туралы бұйрыққа қол қойылғанын атап өтті. Осы платформа мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтар үшін интеграциялық сервистердің өзіндік витринасы екені, сондай-ақ жобаны іске қосу арқылы Ақпараттық жүйелерді интеграциялау процесі жеңілдетілдеп жеделдетілгені және осының барлығы онлайн форматта жүретіні айтылды.

 «Smart Bridge» жобасында қарастырылған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің 166 интеграциясы арасында ҚР ИИДМ басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен 9 интеграция жасау көзделген. (Анықтама: 7 интеграция - ҚР ИИДМ тұтынушы,
2 интеграция – ҚР ИИДМ басқа МО үшін дерек көзі).

Министрлік жоспарға сәйкес бар сервистерді жариялау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда Smart Bridge витринасында Министрліктің 15 сервисі бар, ағымдағы жылдың тамыз айына дейін интеграция жоспарын уақытылы іске асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті барлық сервистерді жариялау жоспарлануда.

Бұл жұмыс мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету процесін қамтамасыз етуде нәтиже беретінін атап өту қажет.