
ҚР Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин азаматтарды қабылдады. Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй кезегі және басқа да тақырыптар бойынша сұрақтар қойды.
Сондай-ақ, ТКШ саласында көптеген мәселелерге байланысты "тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға өзгерістер енгізу мәселелері көтерілді.
Қабылдау барысында кездесуге қатысушылардың бірі ардагер-мұғалім Айгүл Дүйсенова кезектілік тәртібімен тұрғын үй беру мәселесімен жүгінді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда "тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес тұрғын үйді барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берген сәттен бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен жергілікті атқарушы органдар (әкімдік) ұсынады. Биыл 10 878 пәтерді (сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй) сатып алуға 105,2 млрд. теңге сомасына қаражат бөлінді. Оның ішінде Астана қаласы бойынша ХӘОТ үшін 1 600 пәтер сатып алу жоспарлануда.
Тағы бір өтініш беруші Гүлнар Ислямова тұрғын үй қорларын басқару саласындағы тексеру парақтарын бекіту, сондай-ақ "тұрғын үй қатынастары туралы"Заңға өзгерістер енгізу мәселесімен жүгінді.
Осы мәселе бойынша Министрлік барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген және ҚР Үкіметінің Аппаратына қарауға енгізілген қорытынды жобасын дайындады.
Вице-министр тексеру парақтары ағымдағы жылдың қазан айында қабылданатынын және өтініш беруші Г.Ислямованың кандидатурасы заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобына енгізу үшін ұсынылатынын атап өтті.
Вице-министр келген азаматтардың негізгі мәселелерін тыңдап, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар берді, сондай-ақ өтініш берушілерді көтерілген мәселелерді шешу оның жеке бақылауына алынатынына айтты.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің
баспасөз қызметі