Вице-министр Тимур Қарағойшин Италияның «Confindustria Kazakhstan» өнеркәсіптік қауымдастығының өкілдерімен кездесті

Вице-министр Тимур Қарағойшин Италияның «Confindustria Kazakhstan» өнеркәсіптік қауымдастығының өкілдерімен кездесті

Кездесуге «Confindustria Kazakhstan» итальяндық өнеркәсіп Конфедерациясы Қазақстандық бөлімшесінің вице-президенті Витторио Майорана, «Confindustria Kazakhstan» Бас директоры Ливио Мазцуокколо, «Seingim Kazakhstan» ЖШС Бас директоры Франческо Джиоколано, Индустриялық даму, сондай-ақ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеттерінің өкілдері қатысты.

Іскерлік кездесу аясында вице-министр инвестициялық байланыстарды кеңейту мақсатында елдер арасындағы әріптестік қатынастарды дамытудың, сондай-ақ Италия мен Қазақстан кәсіпкерлерінің жаңа бірлескен жобаларын іске асыруға белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті.

«Confindustria Kazakhstan» вице-президенті қауымдастықтың қызметі итальяндық және қазақстандық компаниялардың іскерлік ынтымақтастығын ілгерілетуге, екі елдің кәсіпорындары мен өңірлері арасындағы бизнес-әріптестікті дамытуға, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталатынын атап өтті.

 

Анықтама: қазақстандық нарықта Италияның ірі компаниялары мен ШОБ мүдделерін білдіретін Confindustria Kazakhstan 150 000 кәсіпорынды біріктіретін итальяндық өнеркәсіп Конфедерациясының (Confindustria) ажырамас бөлігі болып табылады, бұл итальяндық компаниялардың шамамен 80% -. құрайды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі