"ҚазҚСҒЗИ" ғылыми институты "Алмалы"сауда орталығын қайта құруға қатысады»

"ҚазҚСҒЗИ" ғылыми институты "Алмалы"сауда орталығын қайта құруға қатысады»

ҚазҚСҒЗИ институты «Алмалы» сауда орталығының құрылыс конструкцияларының техникалық жай-күйін тексеріп, күшейту үдерісіне ғылыми-техникалық сүйемелдеу жүргізді.
Бұл нысан еліміздің ірі қаласының орталық бөлігінің сәулеттік келбетіне өзгерту енгізуді қажет етпестен салынған, жер астындағы бірегей объект. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандарымен ғимараттың тірек конструкцияларының жай-күйін техникалық тексеруден өткізіп, конструктивтік элементтердің нақты өлшемдерінің жобалық сызбаларына сәйкестігі мен оларды нығайту, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдердің қолданыстағы құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жалпы, «Алмалы» алаңы сейсмикалық қасиеттері бойынша II санатты топырақтары бар 9 баллдық сейсмикалық аймақта екі тектоникалық ақаулардың қиылысында орналасқан: диагональды және Жаңатұрмыстық.
Сонымен қатар, құрылыс конструкцияларының техникалық жай-күйін және тексеру есептеулерінің нәтижелерін ескере отырып, ғимараттың пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету үшін күшейту қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.
Фиброарматураланған пластмассалармен жабындарды күшейту жөніндегі жұмыстары 2018 жылы жүргізілген болатын. Айта кетейік, жерасты сауда орталығы алғаш рет 2012 жылдың сәуірінде ашылды.
Анықтама үшін: Фиброарматураланған пластик – беріктігі жоғары, сызықты серпімді материал – темірбетон конструкцияларын сыртқы арматуралау үшін негіз ретінде болат арматура элементтеріне балама болып табылады. Соңғы жылдары тегіс және ойық арматура, сым, арқандар, жіптер, жақтаулар мен қабықтар жасалды. Композициялық материалдардың бұл түрлері негізінен жаңа құрылыста қолданылады.

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Баспасөз қызметі