Өнеркәсіп және құрылыс пен Көлік министрліктерінің қызметкерлеріне арнайы тренинг өткізілді

Өнеркәсіп және құрылыс пен Көлік министрліктерінің қызметкерлеріне арнайы тренинг өткізілді

Мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарының зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс пен Көлік министрліктерінің қызметкерлеріне арналған «Құмар ойындарға тәуелділік: себептері мен салдары» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингті жүргізген психотерапевт Қайрат Қуанышбайұлы лудоманияға шалдығудың негізгі себептерін жанұядағы отбасы құндылықтарының құлдырауымен түсіндіреді. Эксперт лудомания профилактикасы бірінші кезекте ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды реттеуден бастау алатындығын атап өтті.

Тренинг соңында мемлекеттік қызметшілер психологиялық тестілеуден өтіп, сондай-ақ маманмен пікір алмасты.