ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

ҚР Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев азаматтарды қабылдады. Астана және Алматы қалаларының тұрғындары сұрақтар қойып, министрге шағымдарын білдірді.

Өтініш берушілердің сұрақтарының басым бөлігі тұрғын үй құрылысына, жаңа ипотекалық бағдарламаларға, тұрғын үй кезегіне қатысты болды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың арасынан кәсіпкерлерді қолдау мәселелері көтерілді.

Мәселен, Астана қаласының тұрғыны М. Әбдішева «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме беруді сұрады. Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған Л. Әубәкірова Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысына тұрғын үймен қамтылу үшін көмек сұрады. Азамат 2009 жылдан бастап тұрғын үй алуға кезекте тұрғанын айтты. Сонымен қатар, тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты көптеген мәселелер бар екенін атап өткен жөн. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес тұрғын үйді жергілікті атқарушы органдар (әкімдік) кезектілік тәртібімен ұсынады. Осы Заңға сәйкес бірінші кезекте кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және соғыс ардагерлеріне басымдық беріледі. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына 10 878 пәтер сатып алуға 105,2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Қанат Шарлапаев барлық өтініштерге толық жауап беріп, оларды жеке бақылауға алды. Бұл ретте жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, заңнама нормаларына қажетті түсініктемелер, сондай-ақ тұрғын үй сатып алудың тең және әділ мүмкіндіктері көзделген ағымдағы тұрғын үй саясаты туралы ақпарат берілді.

Министр белсенді азаматтардың Парламент қабырғасында тыңдау мүмкіндігі және олардың кандидатураларын тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобына қосу үшін ұсынуға дайын екендігі туралы айтты. «Мен сіздердің ұсыныстарыңыздың депутаттар шешім қабылдаған кезде міндетті түрде ескерілуін қалаймын», - деп атап өтті Қ.Шарлапаев.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды жеке қабылдау ведомствоның ашықтық қағидатын іске асырады және атаулы назар аударуға және қабылданатын шешімдерді барынша түсіндіруге бағытталған.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі