
Елімізде кәріз тазарту құрылғыларын салу және реконструкциялау жөніндегі бірлескен жобаларын дайындау аясында Қазақстанға Азия Даму Банкі сарапшыларының миссиясы келді.
Олардың қатарында Патрик Лорин, Антонио Порчеду, Эдуард Чил-Акапян сияқты ағынды суларды тазарту саласында үлкен халықаралық тәжірибесі мол сарапшылар бар.
Екі жақты кездесу барысында «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев кәріз тазарту құрылғылары жобаларын тиімді іске асыру, сондай-ақ жаңа құрылыстардың параметрлерін оңтайландыру мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар жаңа энерготиімді технологияларды тарту, қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету, сарқынды суларды қайталама пайдалану және тұнбалы жауын-шашынды өңдеу мәселелерін талқылады.
ТКШ ҚазОрталығы жергілікті атқарушы органдар мен табиғи монополиялар субъектілері үшін халықаралық қаржы ұйымдарының (МҚҰ) қағидалары бойынша сатып алуды өткізу негіздеріне оқытуды ұйымдастыруды ұсынды.
Кездесу соңында АДБ сарапшылар миссиясының өкілдері жергілікті жерлерде кәріз тазарту құрылыстары жобаларын іске асыру мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеу үшін Балқаш, Сәтбаев, Жезқазған және Степногорск қалаларына барды.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі