
2023 жылғы 2 қазаннан бастап қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензиялар алуға өтініштер мен құжаттарды қабылдау "Мinerals.gov.kz" жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы тек қана электрондық форматта жүзеге асырылатын болады.
Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензиялар беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларына өзгерістер енгізілді. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тиісті бұйрығына а.ж. 14 қыркүйегінде қол қойылды, бұл өзгерістер 2023 жылғы 2 қазанда күшіне енеді.
Бұйрықпен "adilet.zan.kz" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.