Рахымжан Исақұлов ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Рахымжан Исақұлов ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Рахымжан Ержанұлы Исақұлов Министрліктің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.

Рахымжан Ержанұлы 1987 жылы 5 қарашада дүниеге келген.

2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Роял Холловей университетін (Ұлыбритания) экономика және менеджмент бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.

Сондай-ақ, 2016 жылы Ұлттық Аспиранттар саяси зерттеу институтын (Жапония) мемлекеттік басқару магистрі мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің референті болып бастаған.

Рахымжан Ержанұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды, оның ішінде 2016-2018 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2018-2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы және 2020-2022 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет еткен.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып қызмет атқарды.