
INNOPROM.QAZAQSTAN халықаралық көрме барысында цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу алаңы ашылды. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, сондай-ақ ұлттық мекемелер мен IT-компаниялардың өкілдері өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау технологияларын қарастырып, екі елде Индустрия 4.0 енгізу кейстерін талқылады.
Индустрияландыру мен технологиясыз экономикалық өсу мүмкін емес, менің ойымша, бұл аксиома. Сонымен қатар, технологияның өмірдің барлық салаларына жылдам енуі цифрлық экономиканы құрудың алғышарттарын жасады. Өнеркәсіптік революция немесе Индустрия 4.0 бүкіл әлем елдеріне экономикалық өсудің әсерлі қарқынына қол жеткізуге мүмкіндік берді, — деп атап өтті Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Динара Щеглова.
Бүгінгі таңда Қазақстанда цифрлық технологияларды пайдаланатын ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары үлесінің өсу серпіні байқалады.
60-тан астам кәсіпорын үшін цифрлық стратегиялар әзірленіп, 200-ден астам шешім ұсынылды, олардың 30-ы өндірістерде енгізілуде. Сонымен қатар, басшылардың, топ-менеджерлердің біліктілігін арттыру үшін Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бойынша оқыту іс-шаралары жүргізілуде.
«Өнеркәсіптік роботтарды пайдаланатын ҚРдағы ең танымал салаларавтомобиль өнеркәсібі, электроника және электротехника, металл өңдеу, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі», - деді Динара Щеглова.
Қазақстанда Индустрия4.0. енгізуге жетекшілік ететін институт «QazIndustry» АҚ болып табылады. Цифрлық трансформация дирекциясының басшысы Алмас Мұқашевтың айтуынша, бүгінде елімізде ұлттық өнеркәсіпті роботтандыру тұжырымдамасы әзірленуде.
«Қазіргі уақытта өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, біз өнеркәсіптік кәсіпорындарымызға талдау жүргізіп жатырмыз. Роботтың тығыздығыяғни 10 мың адамға 1 робот есептелетін көрсеткіш барӨткен жылдар туралы айтатын болсақ, ол 1,5-2% құрады. Егер 2022 жыл туралы айтатын болсақ, онда бұл көрсеткіш 10 мың адамға 4 роботты құрады. Статистика бойынша қарасақ, біз екі есеге өстік», — деді Алмас Мұқашев
ҚР Өнеркәсіп және құрылысминистрлігінің
баспасөз қызметі