Индустрия 4.0: ақылды өнеркәсіптік өндірістің озық тәжірибелері

Индустрия 4.0: ақылды өнеркәсіптік өндірістің озық тәжірибелері

Астанада алғаш рет «Индустрия 4.0: ақылды өнеркәсіптік өндірістің озық тәжірибелері» тақырыбында халықаралық «Цифрлық трансформация» өтті.

Іс-шараға Қазақстан мен Ресейден озық цифрлық шешімдерді әзірлеуші мемлекеттік ұйымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындары, АТ-компаниялары атынан 70-тен астам сарапшы қатысты.

Аталған іс-шараны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Ресейдің «Цифрлық экономика» АНО-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара барысында тараптар өнеркәсіп салаларын цифрлық трансформациялаудың негізгі мақсаттары мен бағыттарын және өнеркәсіптің цифрлық экожүйесін құру тәсілдерін талқылады.

Жұмыс қорытындысы бойынша тараптар үздік тәжірибелермен алмасу, білім беру және сараптамалық іс-шараларды өткізу, екі елдің озық шешімдерінің тізбесін қалыптастыру, оларды бейімдеу және екі елдің нарықтарында пайдалану жөніндегі тетіктерді құру, сондай-ақ оларды халықаралық нарықтарға жылжыту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс

министрлігінің баспасөз қызметі