
ҚРӨнеркәсіпжәнеқұрылысвице-министріТимур Қарағойшин Шымкент қаласыныңтұрғындарыменкездесті
Кездесуге өңір тұрғындары мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, журналистер қатысып, тұрғын үй құрылысының сапасы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың негізгі мәселелері талқыланды.
Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес Шымкент қаласының тұрғын үй қоры 2 240 көп пәтерлі тұрғын үйді құрайды. Оның ішінде 107 үй апатты және тозығы жеткен, ал 62-сі күрделі жөндеу жүргізуді талап етеді.Осылайша, Шымкент қаласында жөндеуді қажет ететін КЖТ үлесі 2,8пайызды құрайды.
Осыған байланысты Тимур Қарағойшин әкімдікке күрделі жөндеуді қажет ететін КЖТ тозуын азайту үшін қажетті шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Ол кездесуге қатысушыларды тыңдап, маңызды мәселелерді белсенді талқылағаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен бірге халықпен ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, азаматтардың өзекті мәселелерін шешу үшін Шымкент қаласы әкімдігі басқармаларының басшыларына тиісті тапсырмалар берді.