
Астана, 2023 жылғы 25 қыркүйек - Бүгін ИННОПРОМ халықаралық көрмесінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Жаңа заманның өнеркәсіптік стратегиялары» тақырыбына арналған бас пленарлық сессияда сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қазақстанның индустриялық сектордағы жаһандық ойыншы ретіндегі бірегей артықшылықтарын атап өтіп, елдің стратегиялық басымдықтарымен бөлісті.
Қазіргі әлемдегі инновациялардың маңыздылығын атап өтіп, Министр инвестициялар мен технологиялық серіктестер үшін бәсекелестік үнемі өсіп келе жатқанын және бұл жарыста Қазақстан елеулі рөл атқаруға дайын екенін атап өтті.
«Қазақстанның басты артықшылықтарының бірі – оның географиялық жағдайы. Қазақстан Еуразияның орталығында орналасқан және Батыс Еуропа мен Батыс Қытай нарықтарына қол жеткізу үшін маңызды транзиттік бағытты білдіреді. Бұл фактор елді өңірдегі операцияларын кеңейтуге ұмтылатын компаниялар үшін стратегиялық маңызды етеді», - деді Қанат Шарлапаев.
Министр атап өткен екінші маңызды артықшылық – Қазақстанның табиғи ресурстары.
«Еліміз қазба байлыққа ие және арзан әрі тұрақты энергияға қол жеткізе алады, бұл энергия бағасы инфляциялық қысымға ұшырайтын қазіргі әлемде ерекше өзектілікке ие», - деді министр.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігінің баспасөз қызметі