ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі «Атамекен» ҰКП басшылық құрамымен іскерлік кездесу өткізді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі «Атамекен» ҰКП басшылық құрамымен іскерлік кездесу өткізді

2023 жылғы 20 қыркүйекте ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Райымбек Баталовпен, сондай-ақ «Тау-кен метталургиялық кәсіпорындардың қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Еуразиялық Топ» ЖШС және «Қазцинк» ЖШС басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында көмір өнеркәсібінің, тау-кен металлургия кәсіпорындарының, жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуларындағы елішілік құндылығының, отандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттар және ұзақ мерзімді шарттар жасасудың өзекті және проблемалық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар «Тау-кен металлургия кешенінде қазақстандық қамтуды дамыту» халықаралық форумын ұйымдастыру және тау-кен металлургия кешенінде жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алу бойынша жаңа цифрлық алаң құру мәселелерін қарады.

Кездесу барысында тараптар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тығыз өзара байланысты жалғастыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі