
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында отандық қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үлесін атап өткіміз келеді.
Соның бірі - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түнде және жылумен көрінетін электрондық-оптикалық аспаптарға қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 2011 жылы Қазақстан мен Түркия бірлесіп құрған «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «ASELSAN» және Түркия Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі Хатшылығы) бірлескен кәсіпорны.
Зауыт 2014 жылғы мамырда іске қосылды.
Осы кезең ішінде мынадай өнім түрлерін өндіру игерілді:
- А100, А230, А340, А360 түнде көру аспаптары;
- Pyton және BOA тепловизорлық аспаптары;
- Барлау құралдары (Sharpeye);
- лазерлік VIPPER нысана көрсеткішінің портативті кешені;
- SARP жауынгерлік модулінің қашықтан басқару жүйесі;
- АРСО-25 кәсіби радиостанциялары (Аселсан 4700);
- Радиоэлектрондық күрес жабдықтары;
- ҰҰА-ға қарсы іс-қимыл жабдықтары;
- 30 мм тұрақтандырылған жауынгерлік модулі.
Қазіргі уақытта кәсіпорында 100-ден астам адам еңбек етеді. Өндірісті оқшаулау бүгінгі күні 51-ден 70%-ға дейін құрайды.
«Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС шығаратын түнде көру аспаптарының негізгі ерекшелігі кіріктірілген электрондық плата болып табылады, онсыз түнде көру аспабы жұмыс істемейді.
Осыған байланысты арнайы жабдықта арнайы микросхемаларды орнату және оларды бағдарламалау бөлігінде дайын өнімді өндіру бойынша өндірістік процесс жүзеге асырылады.
Өндірістік процесс кезеңдері келесі үлгіде жүзеге асырылады:
Кәсіпорынның электрондық платаларды өндіру және монтаждау процесінде байланыстыру алаңына қорғасынды дәнекерлеу пастасын қолданбау, электрондық құрамдастарды екі жақтан орналастыру және орнату, олардың шықпаларын дәнекерлеу, диондалған сумен тазалау және автоматты оптикалық тексеру сияқты жоғары технологиялық мүмкіндіктері бар.
Бұдан басқа, кәсіпорын өнімдерін өндіру номенклатурасы жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда оптика-электрондық өнімдердің жаңа түрлерін өндіру, броньды танк техникасы мен авиатехниканы жаңғырту саласында бірқатар перспективалық жобалар жүргізілуде.