
25-27 қыркүйек күні Астанада алғаш рет Халықаралық өнеркәсіптік INNOPROM.QAZAQSTAN көрмесі өтетінін хабарлаймыз
Көрмені ұйымдастырушылардың басты міндеті – жаһандық тәжірибе алмасу, өнеркәсіптік кооперацияларды дамыту, жаңа нарықтар ашу, серіктестер, тапсырыс берушілер мен тауарларды жеткізушілерді іздеу үшін өңірде перспективті алаң құру.
Көрмеге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко және де басқа министрліктердің басшылары қатысады.
Іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен келген билік өкілдері мен өндірушілерді біріктіреді: оннан астам елден мыңдаған қатысушы, жүздеген халықаралық спикер мен экспоненттер келеді деп күтілуде. Экспозицияға қатысушылар өнеркәсіп саласындағы жаңа технологияларды көрсетіп, іскерлік бағдарлама іс-шаралары шеңберінде жаһандық нарықты дамытудың өзекті мәселелері көтерілетін болады.
ЕАЭО елдерінің ұлттық және өңірлік экспозициялардың, сондай-ақ ірі компаниялардың қатысуымен өтетін көрме 12 мың шаршы метрді қамтиды. Онда авиациялық көлік, энергетикалық машина жасау, станок жасау, химия өнеркәсібі, металлургия және өнеркәсіптік IT тақырыптық бөлімдері орналасады.
Көрменің іскерлік бағдарламасында Қазақстан, Ресей және Беларусь үкіметтерінің басшыларын, сондай-ақ іскерлік қауымдастықтар мен негізгі өнеркәсіптік компаниялардың басшыларын біріктіретін «Жаңа заманның өнеркәсіптік стратегиялары» атты бас пленарлық сессия жоспарланған. Бизнес пен билік органдарының өкілдері Еуразиялық өнеркәсіптік әріптестіктің басымдықтары мен сын-қатерлері туралы ойларымен бөліседі, сондай-ақ жаңа перспективалық жобалар туралы әңгімелейді.
Іскерлік бағдарлама сондай-ақ мамандандырылған сессиялармен толықтырылған. Мәселен, «Болашақтың көлігі: сын-тегеуріндер мен шешімдер», «Металлургиядағы инновациялар және оларды нақты өндіріске енгізу», «Энергетикаға арналған технологиялар: тиімді, таза, қауіпсіз», «Өндірісті цифрландыру: табыстың маңызды факторлары» тақырыптары шеңберінде спикерлер қазіргі заманның өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылайды деп күтілуде. Сондай-ақ іс-шара аясында дөңгелек үстелдер мен іскерлік кеңестің отырысы өтеді.
БАҚ өкілі ретінде тіркелу және қосымша ақпарат осы сілтеме бойынша.
Байланыс нөмірлері: Екатерина Гурова, тел. +7 926 2965532, Мәдина Оразымбетова, тел.+7 708 9440897.
Өтетін орны: Астана қ., EXPO халықаралық көрме орталығы