
Қазіргі уақытта «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басшылығымен биопрепараттың тиімділігін көрсету мақсатында Шахтинск қаласындағы сарқынды сулардың биотоғандарын тазарту үшін «Starteco» биологиялық дәрмекті қолдану жобасы іске асырылуда.
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев патогендік орта мен сарқынды сулардың жағымсыз иісін кетірудің тиімді шешімдерінің бірі ретінде сарқынды биотоғандарды тазарту кезінде биологиялық дәрмекті қолданудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасының өңірлерінде технологияны одан әрі енгізу үшін қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.
Дәрмек - пайдалы микроорганизмдердің консорциумы-бірнеше ондаған түрлерден тұратын симбиотикалық қауымдастық. Мұндай консорциумның артықшылығы-бірлесіп өсу процесінде, бұл микроорганизмдер арасында симбиотикалық байланыстар қалыптасады, олар көп жасушалы жүйені құрайды, жалпы нәтиже – ең алдымен патогендік флораны, сондай-ақ сарқынды сулардың жағымсыз иісін жоюға бағытталған келісілген өзара әрекеттесу болып табылады.
Бұған дейін «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, «ИБИС» ЖШҚ Майкл Кравцев және «Шахтинсксуарнасы» МКК өкілдері КТҚ шығару резервуарына технология бойынша биологиялық дәрмекті құйып, зертханалық талдаулар үшін үлгілерді алды.
«Starteco» биологиялық дәрмегінің РФ Техникалық реттеу және метрология жөніндегі федералды агенттігінің экологиялық сәйкестік сертификаты, РСТ сәйкестік сертификаты бар. ффвава
Биологиялық дәрмектің эксперименттік қолданылу мерзімі өткеннен кейін және осы жылдың қыркүйек айының соңында тазартылған соң сарқынды су сынамалары алынып, пилоттық жоба аяқталады деп күтілуде.