
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрінің міндетін атқарушы Ілияс Оспанов ҚР Үкіметінің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Алғашқылардың бірі болып қабылдауға жазылған Тобыл қаласының тұрғыны Андрей Зелевский көз жанарынан айырылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған патенттелген өнертабысы туралы айтып берді. Азамат аталған жаңашылдықты көпшілікке жария етіп, құрылғының игілігін қарапайым халық көрсе деген тілегін білдірді.
Вице-министрдің пайымдауынша, бүгінгі таңда QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық тауарларды, қызмет түрлері мен жұмыстарды ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынады. Кәсіпорындар мемлекеттің көмегімен белгілі бір шығындарды өтеу арқылы, мысалы өз қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, өндірістегі технологиялық процестерді жетілдірудің нәтижесінде (цифрлы технологияларды енгізу арқылы) шығаратын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа ұсына алады.
Елорда тұрғыны Алексей Костюков Dynamics Scientific ЖШС өнімдерін өндіру үшін нақты тауарларды (электрондық компоненттерді) сәйкестендіру туралы қорытынды алу мәселесімен жүгінді. І.Оспановтың айтуынша, «Тауарларды идентификациялау туралы қорытынды беру» қызмет көрсету тәртібі министрдің бұйрығымен бекітілген. Соған сәйкес мемлекеттік қызмет 7 жұмыс күнінде, ал өтініштер мемлекеттік органдарға сарапшылар мен мамандардан тауарлар бойынша ақпарат алу үшін жіберілген жағдайда 15 күннің ішінде көрсетілуі тиіс. Жалпы жылдың басынан осы мәселе шеңберінде 30 623 өтініш қаралған, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп.
Сондай-ақ азаматтар еліміздегі индустрия саласын дамыту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салынып талқыланды.