Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы

Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы

Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік осал топтарына қолайлы тұрғын үй жағдайларын жасау болып табылады.

2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 10 878 жалға берілетін пәтер сатып алу үшін 105,2 млрд теңге бөлінді.

Бұдан басқа, 2023 жылы кредиттік тұрғын үйді салуға 158,5 млрд теңге сомасына лимит көзделген және 725,8 мың шаршы метр немесе 12,1 мың пәтер салу жоспарланған.

Ағымдағы жылы тұрғын үй қарыздарын беру үшін 71,9 млрд теңге қарастырылған . Отбасы банк "2-10-20" ипотекалық бағдарламасы бойынша 3.176 қарызды және "5-10-20"бағдарламасы бойынша 3610 қарызды іске асыруды жоспарлануда.