
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл көлінің жағалауына барып-қайтуға қолайлы болуы үшін Үшарал қаласына субсидияланған әлеуметтік-маңызы бар рейстерді орындау жоспарлап отыр. Атап айтқанда:
➖ Нұр-Сұлтаннан, «СКАТ» авиакомпаниясы, аптасына 4 рейстен бастап мамырдан қазанға дейін, бөлінген сома – 265 082 906 тг., тариф – 16 000тг;
➖ Алматыдан, «СКАТ» авиакомпаниясы, аптасына 6 рейстен бастап мамырдан қазанға дейін, бөлінген сома – 225 832 862 тг., тариф – 10 000тг;
➖ Талдықорғаннан, «Жетысу» авиакомпаниясы, аптасына 4 рейстен бастап мамырдан қазанға дейін, бөлінген сома – 218 736 000 тг., тариф – 8 000тг.