Алакөл демалыс аймағындағы Үржар кентіне Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскеменнен рейстер ашылады

Алакөл демалыс аймағындағы Үржар кентіне Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскеменнен рейстер ашылады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ағымдағы жылы төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Алакөл демалыс аймағына барып-қайтуға қолайлы болуы үшін Үржар кентіне субсидияланған әлеуметтік маңызы бар рейстер ашуды жоспарлап отыр. 

Атап айтқанда:

  • Нұр-Сұлтан қаласынан Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін аптасына 6 және одан көп рейс орындайды. Оған 174,3 млн. теңге бөлінеді. Бір жаққа тариф құны - 16 мың теңге.
  • Алматыдан Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы мамырдан қазан айына дейін 4 және одан көп рейс орындайды. Оған 109,4 млн. теңге бөлінеді. Бір жаққа тариф құны - 14 мың теңге.
  • Өскеменнен Үржарға «Южное небо» әуе компаниясы жыл бойына аптасына 1 рейстен атқарады. Бөлінетін сома – 207,7 млн. теңге. Тариф құны – 10 мың теңге.

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес биыл Үржар кентіндегі әуежайдың ұшу-қону жолағын және әуежай ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарын бастау жоспарланған. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен жобалық-бағалау құжаттамасын реттеу шаралары жүргізіліп жатыр.