ҚР ИИДМ-де азаматтардың өтініштерін қарау кезінде ҚР ӘРПК нормаларын сақтау бойынша семинар өтті

ҚР ИИДМ-де азаматтардың өтініштерін қарау кезінде ҚР ӘРПК нормаларын сақтау бойынша семинар өтті

БүгінҚРИндустрияжәне даму министрлігіндежекежәнезаңды тұлғалардыңөтініштерінқарау, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтуралыкодексініңжаңа редакциясындағынормалардысақтауорындаушылықтәртіпмәселелерібойынша қызметкерлергекезекті семинар ұйымдастырылды.Семинарға министрліктің орталық аппараты мен салалық комитеттерінің 90-ға жуық қызметкері қатысты.

Қоғамдықкоммуникациялар департаментінің директоры Меруерт ИбраеваныңайтуыншаҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтардыңкеліптүсетінөтініштерінің саны бойыншабасқаорталықмемлекеттік органдардың арасында алғашқы ондыққа кіреді. Мәселен, 2023 жылдың 7 айында ғана ҚР ИИДМ-ге 19 125 өтініш келіп түскен. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй алу, жол құрылысының сапасы мен мерзімдері, көліктік бақылау, жер қойнауын пайдалану мәселелері және т.б. тақырыптарды қамтиды.

Осыған байланысты министрлік қызметкерлерініңжеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасаған кезде ҚР ӘРПК нормаларын, атап айтқанда қарау мерзімдерін сақтау, құзыретіне қарай басқа органдарға қайта жолдау, ауыртпалық актіні жасау кезінде тыңдау рәсімін өткізу мәселелерінің өзектілігі өте жоғары

Семинарға қатысушыларға 2020 жылғы 29 маусымдағы ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің 69-бабының 3-тармағымен бекітілген Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түскен өтініштерді есепке алу ережелері, сондай-ақ «Е-өтініш» АЖ жүргізу ережелері туралы ақпарат берілді.

Ұйымдастырушылар семинарға қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, алдағы уақытта жұмысты жақсартуға қатысты өз тілектерін білдірді.