
Қазіргі уақытта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өнерәсіптік қауіпсіздік, жер қойнауын пайдалану, азаматтық авиация, көлік, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері, қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту салаларында 113 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2020 жылдың І тоқсанында Министрліктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері 45097 қызмет көрсетті.
Осы кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған небәрі 4 оқиға тіркелді және олар бойынша Көлік комитетінің, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне әкімшілік және тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ, аталған мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 2 шағым түсті.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңы қабылданған соң мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері ұғымы оңтайландырылды. Жаңа түзетулерімен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен, яғни бірыңғай ережелермен мемлекеттік қызметтер көрсетуді регламенттеу көзделген.
Осыған байланысты Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын 84 нормативтік-құқықтық акті бойынша бекіту және оларға өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда 84 НҚА-ның 17-сі әділет органдарында бекітіліп, тіркелді. 14 НҚА Әділет министрлігінде тіркеуде, 53 НҚА мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.
Еске сала кетейік, Министрлік құзыретіне кіретін 113 мемлекеттік қызметтің 102-сі электрондық форматта "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі. Бұл Министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 90% құрайды. Қалған 11 мемлекеттік қызмет дәстүрлі тәсілмен, яғни қағаз түрінде көрсетіледі. 113 мемлекеттік қызметтің 26-сын жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Биыл дәстүрлі түрде көрсетілетін 11 мемлекеттік қызметтің 6-ын автоматтандырып, 3-ін мемлекеттік қызметтер тізімінен алып тастау жоспарланған.
Сонымен қатар, Министрлік көрсететін 38 мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» АҚ-нан алуға болады.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты ҚР ИИДМ Мемлекеттік қызметтерді үйлестіру басқармасына +7(7172)98-33-31 телефонымен хабарласуға немесе карантиндік шектеулар алынған соң Нұр-Сұлтан қ-сы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 2402 іс бөлмесіне жүгінуге болады.