
Бұл келісім арқылы ғылыми-зерттеу саласында өзара тиімді байланысты дамыту көзделген
Тұрғын үй-коммуналды шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығында Science and Technology Solutions АҚ өкілдерінің қатысуымен ғылыми-өндірістік және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру, сондай-ақ ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі мәселелерінде тиімді қатынасты арттыру жолдары пысықталды.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев айтқандай, қазір тұрғын үй кешендерінде тың технологияларды енгізіп, дамытудың, сондай-ақ энергия үнемдейтін тиімді техникалық шешімдерді жолға қоюдың маңыздылығы жоғары.
Өз кезегінде Science and Technology Solutions компаниясының басқарма төрағасы Диас Бексолтан ғылыми-зерттеу саласында, сонымен бірге ғылыми және конкурстық өтінімдер топтамасын қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс істеудің амалдарын жеткізді.
Кездесудің соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендерін айтты.
Science and Technology Solutions ғылым мен өндірісті интеграциялап, инновациялық өнімді нарыққа шығару, техникалық және технологиялық мәселелерді, сонымен қатар экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін анықтау мен талдау мәселелерін кешенді шешу үшін құрылған компания.