Ұлттық инфрақұрылымдық жоспардың жобасы қаралды

Ұлттық инфрақұрылымдық жоспардың жобасы қаралды

Астанада Президенттік жобалау офисінің (Delivery Unit) мүшелері және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен Ұлттық инфрақұрылымдық жоспардың жобасы талқыланды

Аталған іс-шара ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрлері Тимур Қарағойшин мен Ілияс Оспановтың төрағалығымен өткізілді.

Оның барысында қатысушылар бұл құжатта ескерілуге тиіс ұсыныстарды жеткізді

Бұл жоспардың жобасы Мемлекет басшысының VIII шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында айтқан тапсырмасына сәйкесЭнергетика, Экология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп дайындалғанын айта кетейік

Құжат экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз етіп, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тұрақты инфрақұрылымдық жүйені қалыптастыруға бағытталған. Осы жоспар көлік, энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы салаларында маңызды инфрақұрылымды қалыптастырудың іргелі негізіне айналады деп көзделген

Сондай-ақ құжаттаинфрақұрылымдық бағытты құрылыс және жаңғырту арқылы дамыту, еліміздің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін инфрақұрылымдық кемшіліктерді алдын алу сонымен біргетиісті құзыретке сай отандастарымызға жоғары сапалы қызметтерді көрсетуді қамтиды