ҚР ИИДМ-де нормашығармашылық қызметі бойынша құқықтық жалпыға бірдей оқыту өтті

ҚР ИИДМ-де нормашығармашылық қызметі бойынша құқықтық жалпыға бірдей оқыту өтті

 

2023 жылғы 16 тамызда Министрліктің салаларына қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу мәселелері бойынша кезекті жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізілді.

Іс-шараның мақсаты әзірленіп жатқан нормативтік құқықтық актілердің сапасын арттыру және оларды Министрліктің уақтылы қабылдауын қамтамасыз ету

ҚР ИИДМ Заң департаментінің директоры Бақытбек Түлеубаевсеминарға қатысушыларға норма шығару процесінің сатысына қатысты заңнамадағы негізгі новеллаларды, заң техникасы мәселелерін түсіндіріп, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді бюрократиядан арылту шеңберінде құқықтық қатынастарды реттейтін негіз қалаушы нормаларды нақтылау және көрсету тұрғысынан толыққанды ревизия жүргізу қажеттігін атап өтті.

Отырыс барысында құқықтық мониторинг пен талдау жүргізу бойынша ұсынымдар беріліп, Министрліктің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру және тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар айтылды.