ҚР ИИДМ басшысының орынбасары Тимур Қарағойшин азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

ҚР ИИДМ басшысының орынбасары Тимур Қарағойшин азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

ҚР Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында өткізілген кездесуде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Қарағойшин қазақстандықтардың жеке мәселелеріне байланысты сұрақтарына жауап беріп, оларды шешудің жолдарын түсіндірді

Аталған кездесуде мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамту, су арналарының ортақ тізімін құру, үлескерлік құрылысқа қатыстысондай-ақ жылжымайтын мүлікті жекешелендіру сынды тұрғын үй қатынастарына байланысты мәселелер көтерілді. Қабылдауға жазылған азаматтардың дені Астана, Қарағанды және Шымкент қалаларының тұрғындары.  

Мәселен, судың көлемін есептейтін жабдықтарды өндірумен айналысатын қарағандылық азамат Қазақстандағы су арналарының бірыңғай тізімін жолға қоюды ұсынып, «Астана су арнасы» және «Қарағанды су» секілді кәсіпорындармен әріптестік байланыс орнатуға қолғабыс етуді өтінді. Алайда Тимур Жиенбайұлы қолданыстағы заңға сәйкес министрлік белгілі бір қондырғыны өндіретін бизнес субъектісін қандай да бір кәсіпорынмен қарым-қатынас жасауға үгіттеуге құқығы жоқ екенін айтты. Вице-министр айтқандай, бұл лоббиді көздейтін заңға қайшы әрекет ретінде қарастырылуы мүмкін. Сонымен бірге су арналарының бірыңғай тізімін құру ведомствоның құзыретіне жатпайтыны түсіндірілді

Бұдан басқа қабылдауға келген тағы бір азаматша жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жекешелендірудің жолдарын қарастыруды сұрап, аталған мәселеде тиісті заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе деген өтінішін жеткізді Өз кезегінде ИИДМ басшысының орынбасары аталған ұсынысты құзырлы орган қолдайтынын, сонымен қатар тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заң жобасы аясында қаралатынын айтты.

Тұтастай алғанда, барлық азаматқа тұшымды жауап беріліп, айтылған мәселелерді қолданыстағы заң арқылы оңтайлы шешу тетіктері түсіндірілді.