ҚР ИИДМ-де Абай күніне орай танымдық іс-шара ұйымдастырылды

ҚР ИИДМ-де Абай күніне орай танымдық іс-шара ұйымдастырылды

Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде әдеби-көркем іс-шара өткізіліп, оның барысында мемлекеттік қызметкерлер хакімнің шығармашылығынан қаншалықты хабардар екенін танытты

Аталған іс-шараға ведомствоның барлық комитеті мен департаменттердің өкілдері белсенді қатысып, ұлы ойшылдың жыр-өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділерін оқып, рухани тұрғыдан дамуға да көп көңіл бөлетіндерін байқатты.

«Абайдың ар-ұят, көркем мінез, сондай-ақ толық адам туралы ілімі әсіресе мемлекеттік қызмет саласында өзекті деп ойлаймын. Сол себепті де осы іс-шараны ұйымдастыруды орынды деп таптық. Оның барысында министрліктің қызметкерлері ұлы ақынның шығармаларынан өздеріне жақын туындыларынан үзінділерін оқып, арнайы дайындалған сауалнамадан өтетін болады.

Қуантарлығы, министрлікте жұмыс істейтін мамандар хакімнің мәдени мұрасын қызығушылықпен оқитыны белгілі болды. Мысалы, Индустриялық даму комитетінің қызметкерлері Абайдың жыр-өлеңдерін жатқа айтып, белсенділік танытты», деді ҚР ИИДМ-нің әдеп жөніндегі уәкілі Тансила Мұздыбекова.

Тансила Орынбекқызы айтқандай, Абайдың рухани мұрасын насихаттап, оқ бойы озып шыққан қызметкерлерге бірнеше үлгіде көркемделіп жасалған ақынның қара сөздері жазылған кітаптар табысталады.