ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан азаматтарды жеке мәселелеріне байланысты қабылдады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан азаматтарды жеке мәселелеріне байланысты қабылдады

ҚР Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында өткізілген кездесуде алтын және қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі мәселелер қаралды

Ведомство басшысының орынбасарымен кездесуге Ақмола және Қарағанды облыстарының тау-кен өндіру өнеркәсібінің өкілдері, сондай-ақ Ақтөбе қаласының тұрғыны жазылды. Жеке қабылдауда алтын өндіру және қатты пайдалы қазбаларды барлау, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға баспана беру жолдары талқыланды.

Атап айтқанда, кен өндіруші компаниялардың өкілдерін 2021 жылы алтын кен орындарын барлау мен өндіруге байланысты бұзылған келісімшарттың мәселесі алаңдатып отыр. Бұған қоса кәсіпорындардың біріне қалдық қоймасының аумағында барлауға берілген лицензияның қаншалықты орынды екені қаралды.

Барлық өтініш берушіге қолданыстағы заң аясында тұшымды жауап берілді.

Бұл ретте жеке қабылдауға жергілікті атқарушы және құқық қорғау, экологиялық бақылау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік органдарының мамандары мен қызметкерлері тартылғанын айта кеткен орынды. Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі лицензия беру мәселесіне байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру тетігін жіктеп жеткізді.