
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Астана қаласындағы сумен жабдықтау нысандарын аралады. Мәселен, ИИДМ басшысы жаңа сорғы-сүзгі стансасының (3-ССС) құрылысын тексеріп, Астана су қоймасындағы 1-ші көтергіш сорғы стансасына аялдады, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 1-ССС мен 2-ССС су дайындау кешенінің жай-күйімен танысты.
Сонымен қатар осы жұмыс сапарында Марат Қарабаев бас шаһардағы тұрғын үй-коммуналды инфрақұрылымының тағы бірнеше нысанына аялдап, алдағы жылу беру маусымына дайындықты пысықтайтын болады.