
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Астана, Алматы және Қарағанды қалаларының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады
Қабылдау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың шілде айында ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Азаматтарды қабылдау орталығының алаңында өтті.
Азаматтардың тарапынан шағын бизнесті дамыту, баспана алу және тұрғын үй қатынастарына байланысты сұрақтар қойылдыМәселен, кәсіпкер З.Жұманова қазақстандық қолөнершілердің басын қосып, демалыс күндері арнайы жәрмеңке ұйымдастыруға қолғабыс етуді сұрады. «Бұл қолөнерді дамытудың тиімді тетігіне айналып, дәстүрлі өнерді қолдаудан бөлек шығармашылықты кәсіп еткен қазақстандық шеберлерді қызметін жалғастыруға ынталандырар еді», деді кәсіпкер
Алматылық тұрғын Г.Өтепалиева «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеуден кейін мердігер ұйымның кепілдік міндеттемелері негізінде көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын жөндеу мәселесін шешіп беруін өтінді
Ал қарағандылық Г.Әбенова 2018 жылдан бері 1-топтағы мүгедек ретінде тұрғын үйге кезегінде тұрғанын айтып, баспанаға мұқтаж екенін жеткіздіДәл осындай мәселемен вице-министрдің қабылдауына О.Әбдірайым жазылды. Бұл азамат үй кезегінде2012 жылдан бері тұр.
Барлық өтініш берушіге мемлекеттік қолдау шараларын алу жолдары түсіндірілді. Көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын жөндеу мәселесіне келсек, анықталған олқылықты жою жөніндегі ескертумердігер ұйымға жіберілгені туралы айтылды. Егер де тиісті ескертулер елеусіз қалған жағдайда жергілікті атқарушы орган сотқа арыз беріп, шағымданатын болады